Алматы қ-сы 050000 Масанчи к-сі 26
Тел.: +7(727) 278-44-13, 292-90-75
Факс: +7(727) 292-00-52, 292-90-75
электрондық пошта: alcci@alcci.kz

Russian (CIS)Kazakh (CIS)English (United Kingdom)
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы экономикалық қауіпсіздікті және жемқорлықпен күресті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің кәсіпкерлермен кездесуін ұйымдастырды PDF Печать E-mail

Бүгін Алматы қаласында кәсіпкерлермен қаржы полициясы өкілдерінің «Бизнес және билік. Кәсіпкерлердің заңды құқығы мен мүддесін қорғаудағы қаржы полициясының маңызы мен рөлі» тақырыбында кездесуі өтті.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар – ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) жәрдемдесуімен Қазақстан Республикасының және Алматы қаласының Сауда-өнеркәсіп палаталары.

Спикерлер ретінде сөз сөйлегендер: қаржы полиция капитаны Ұлан Райысов, ҚР ЭҚСКА экономикалық және қаржылық қылмысты ашу департаменті бастығының орынбасары; қаржы полициясы полковнигі Мәйкен Базгенова, ҚР ЭҚСКА басқарма бастығы және Серік Шаламбаев, инспекцияның ұйымдастыру-бақылау департаменті бастығы.

ҚР СӨП Президенті Абылай Мырзахметов дөңгелек үстелге қатысушыларды қолдай отырып,  кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау және еліміздегі кәсіпкерлік жағдайдың жақсартылуы мәселелерінде белсенді азаматтық ұстаным ұстанған екі жаққа алғыс айтты.

Майкен Базгенова 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер жөніндегі бағдарламаны іске асыру аясында қаржы полициясының қабылдаған шаралары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі Елбасы тапсырмасының орындалуы туралы қатысушыларды хабардар етіп, баяндама жасады. Біріншіден, қаржы полициясының қазіргі уақытқа дейінгі жұмысы ШОБ –ты тексеруді тоқтатып тастауды (мораторий) жариялау тәртібімен жүргізіледі.  Атап айтсақ, алдын ала берілген ескертулер негізінде кәсіпкерлерді тексеру жойылды; домалақ арыздарды қарауға тыйым салынды, сондай-ақ азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға байланысты жолданымдар олардың құзыретіне кірмейді.  2011 жылғы 1 шілдеден прокуратура органдарының қаржы полициясының алдын ала берген ескертулерінің негізділігін тексеруге мүмкіндік беретін, қылмыс пен оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды электронды тіркеу енгізіледі. Екіншіден, Қазақстанның аумағына «144» нөмірлі бірыңғай тәуліктік сенім телефоны енгізілді. Үшіншіден, еліміздің бюджетіне және кәсіпкерлердің мүддесіне залал келтіретін,  ҚР ЭҚСКА-ң сандық көрсеткіштер принципінен аса күрделі көп жағдайлы қылмыстарға дейінгі жұмыстар жүйесі өзгертілді. Төртіншіден, қаржы полициясы атқамінерлер озбырлығынан бизнес мүддесін қорғауға бағыт алды. Бесіншіден, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қол сұғуға тыйым салу мақсатында қаржы полициясы өз қатарындағы заң бұзушылықтардың алдын алуға қатаң жұмыстар жүргізеді.

Іс-шараға қатысушылар осындай үлгідегі кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұратындығына сенім білдірді.  ҚР СӨП-і жыл басынан бері 300-ден астам компаниялар қатысқан, салық және кеден құрылымдарымен, қаржы полициясымен дөңгелек үстелдер өткізді. Сауда-өнеркәсіп палатасы ұсынған сұхбатының нәтижесінде, кәсіпкерлер мерзімі жеткен мәселелерге мазмұнды жауаптар алды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, ҚР СӨП Президенті Абылай Мырзахметов қаржы полициясымен бірігіп,  бірлескен сараптық топ құру бастамасын көтерді, және тоқсан сайын жиналу керектігін айтты. Оның мақсаты -    кәсіпкерлердің қаржы полициясына жолданымдарын жеткізу. ҚР СӨП пен ҚР ЭҚСКА кәсіпкерлермен кері байланыстың жаңа үлгісі бизнестің мерзімі жеткен мәселелеріне жедел әсер етуін көздейді. Сараптық топ жұмысының қорытындысы ҚР СӨП сайтына орналастырылады.

Толығырақ мәліметті Сіз ҚР СӨП-ң баспасөз қызметінен төмендегі телефондар арқылы ала аласыз: +7 727 2777 830 (829, 845), +7 702 522 24 20 немесе  e-mail:  Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript .

Байланысушы тұлға: Әсел Бейсекеева.